«Кәсіподақ негізі – бастауыш ұйым» атты республикалық конференция өтті

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 27 сәуір күні «Кәсіподақ негізі – бастауыш ұйым» атты республикалық онлайн конференциясы өтті.

Конференцияға республика бойынша 2019-2021 жылдары құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық филиалдардың төрағалары қатысты. Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтарының өкілдері бірге Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында онлайн қашықтықтан байланыста қатысты.

Оның ішінде, Шымкент қаласы бойынша: «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кезекші әкімшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Құралова, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Бакиров, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, заңгер-кеңесшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Нәлжанов, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы есепке алу, талдау және ақпараттық технология бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Рамазанова қатысты.

Конференцияны «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов ашып, 2019-2021 жылдары құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы кіріспе сөзін сөйлеп, конференция қатысушылары мен қонақтарын 28 сәуір – Әлемдік еңбекті қорғау күнімен құттықтады.

Конференцияның ашылуында барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінекеев құттықтап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

«Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова кәсіподақ жастарымен жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде хабарлама жасады. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметтері, жетістіктері, үлгі тәжірибелері және өзекті мәселелері жөнінде жарыс сөзге 17 адам жазылып, оның 7-уі сөз сөйледі. Ал, қалғандарының сөздерін жазбаша түрде енгізу ұсынылды.

Жарыссөзде сөйлеген: Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Сәуле Самарханова «Кәсіподақ комитетінің жүйелі және мақсатты бағытталған ақпараттық жұмысы – жетістіктің жемісі», Ақмола облысының Аршалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Пристинская «Ұжымдық шарт – кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтады», Алматы облысының Панфилов ауданы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Багира Жазылбекова «Мемлекеттік қызметте кәсіподақ қозғалысының деңгейін көтеруге бағытталған аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыстары», «Жезқазған поселкелік әкімі аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Медет Тікенов «Ұжымдағы көңіл-күй – кәсіподақ көшбасшысының ұтымды қызметіне байланысты», Нурин су жүйесі топтамасының «Есіл су» РМК филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Елена Чигодаева «Ұжымдық шарт – кәсіподақ мүшелерінің құқын және көзқарасын қорғаудағы басты құралы», Түркістан облысы Мақтарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов «Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақтардың негізі», Қызылорда облысының «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгерім Шалбаева «Бастауыштағы Жастар кәсіподақ қозғалысы мен «30 еңбек елшісі» жобасы аясындағы жұмыс» тақырыптарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметтері, жетістіктері, үлгі тәжірибелері және өзекті мәселелері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әрі қарай ҚРКФ-ның оқу орталығы директорының орынбасары Ләззат Есжанова «Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын тәжірибе жүзінде қолдану» тақырыбында оқыту семинарын жүргізіп, түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.

Қорытынды жиында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов 35 кәсіподақ белсенділерін марапаттау туралы өкім қабылдағанын хабарлап, оны төрағаның орынбасары Атақозы Келденұлы Нұрланов награданың атаулары мен награда алушылардың тізімдерін жариялады.

Оның ішінде Шымкент қаласынан 3 адам, атап айтқанда: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кезекші әкімшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Құралованы «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, заңгер-кеңесшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Нәлжановты «Құрмет грамотасымен» және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы есепке алу, талдау және ақпараттық технология бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Рамазанованы «Алғыс хатымен» марапаттау шешімі қабылданды.

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінекеев конференцияның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға және қатысушыларға алғысын білдірді.

«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов барша қатысушылар мен қонақтарға конференцияға уақытын бөліп келгені үшін рахметін айтты.