Ақтөбеде ҚРКФ өкілі тал егу акциясына қатысты

Ақтөбеге іс-сапармен келген ҚРКФ-ның «Активтерді басқару жөніндегі дирекциясы» бас директорының орынбасары Қайрат Айбосынов қаланы көркейту шараларына атсалысты. Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігі жетекшісімен саябаққа тал отырғызды.

«Тал егу акциясы – сауапты іс. Осындай игі бастамаға әрбір тұрғын, әрбір кәсіподақ мүшесі атсалысуы өте кұптарлық», – деді шараға қатысқандар.

Және Ақтөбе облысының Мартөк ауданы аумағында орналасқан «Зәру» пантымен емдеу орталығының жай-күйімен танысты. Жуырда осы шипажай жетекшісі кәсіподақтар орталығына бастауыш ұйымдары мүшелерін демалтуға жіберу жөнінде келісімдер жасауға іскерлік ұсыныстар білдірген.

Ақтөбе облысындағы 2018 жылдан бері жұмыс жасап жатқан шипажайға бүгінде келушілер қатары жетерлік.