Кәсіподақ – халық қызметшісі

Әйтеке би ауданының білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау күні «Дағдарысты алдын ала болжау, оған дайындалу және ден қою – тұрақты қауіпсіздік жүйелеріне қазірден инвестиция салу» ұранымен өткізілді.

Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бағытында құрылған өндірістік кеңесте еңбектің тиімді және нәтижелі болуына жұмыстар атқарылды.

Кәсіподақ мүшелері арасында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау», «Өндірістік қауіпсіздік, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау» тақырыбында шаралар өткізілді. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов М.Жұмабаев ат. ЖОББМ, Комсомол ЖОББМ, Т.Жүргенов ат. ЖОББМ, «Балауса», «Байтерек» МДҰ-да болып, кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, осы білім беру ұйымдарының техникалық инспекторларын құрмет грамотасымен және қаржылай сыйақымен марапаттады.

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне байланысты жергілікті “Жаңалық жаршысы” газетіне М.Жұмабаев орта мектебінің техникалық инспекторы Жармедетов Ардаштың «Өндірістік кеңес – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.