Биыл біз Ұлы мереке Жеңіс күнінің 76 көктемін қарсы алудамыз. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының белсенділері мен көшбасшылары құрмет пен ризашылығын білдіре, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтады.
Қостанай облыстық филиалының төрағасы Әсет Досекенов пен ҚОФ президиумының мүшесі Ермек Талтыкеев ардагерлерге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті. Иван Арсентьевич Фоменко және Қасымхан Алдабергенов Алдабергеновке жанқиярлық ерлігі, әскери еңбегі үшін алғыстарын білдірді.
Cондай-ақ тыл еңбеккерлерінің, оның ішінде Мария Павловна Полешко, Любовь Кузминична Кочепураның баға жетпес еңбегін білеміз. Жауға қарсы күресте олар белсенді қатысып, майданды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.
Ардагерлердің ерлігін үлгіге алып, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, елжандылық, батылдық пен шыншылдық сынды қасиеттерді қалыптастыру біздің парызымыз. Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.