Елорданың медициналық ұйымдарында әлем бойынша ең ізгілікті мамандық иелеріне құрмет көрсетілді. “Сенім” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы қалалық филиалының өкілдері мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс-тілектерін білдірді.
«Мейірбикелер – күн сайын дәрігерлермен бірге науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін абзал жандар. Қазіргі пандемия кезінде мейірбикелер қауіпті індетке қарсы күресте үнемі алдыңғы қатарда жүріп, әр сәтте қырағылық пен ұстамдылықты көрсетіп, науқастарға ізгілікті көзқарасты сақтады. Кәсіподақ атынан мерейлі мамандық иелеріне жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтамыз»,- дейді “Сенім” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиалының төрағасы Руслан Сатыбалдеев.