Өз ісінің білікті маманы

Үйлестіру кеңесінде “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев соңғы 3 жыл көлемінде төраға орынбасары болған Серік Әуесхановқа адал қызмет еткені үшін алғысын жеткізді. Бүгінгі күнге дейін екі қызметті қатар алып келген Серік Елемесұлы денсаулығына байланысты төраға орынбасары қызметін тапсырды.

Серік Әуесханов “Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметін жалғастырады.

Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал азамат және атқарған жұмыстарының бәрінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді.