1977 жылдан бастап жыл сайын 18 мамырда 150-ден астам елде Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі. 2021 жылы Халықаралық мұражайлар күнінің тақырыбы – “мұражайлардың болашағы: қалпына келтіру және қайта ойластыру”.
“Қазақстанның мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалы Павлодар облысының әрбір тұрғынына мәдени және материалдық құндылықтар: кескіндеме жауһарлары, археологиялық олжалар, бірегей тарихи экспонаттар қолжетімді болатын зор еңбегінің арқасында мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Павлодарлық ақындар Рафаэль Мухамеджанов, Татьяна Окольничья және Людмила Бевз және мұражай достарымен – Павлодар облысы Железин ауданы №9 гимназиясының және №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары “Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Н.А. Каирденова атақты ақын Павел Васильевтің ауласы мен үйін квест-серуенге шықты. Экскурсия мен ақын туралы әңгімелерден қатысушылар Васильевтер – Ржанниковтар отбасының тарихымен танысты, Павел Васильев пен Павлодар қаласы туралы Павлодар ақындарының өлеңдерін тыңдады.
Балалар орыс пешінде картопты қалай пісіргенін біліп, “сиқырлы кастрюльден”нағыз пісірілген картопты сынап көруге қызығушылық танытты. Оқушылар музейлер күніне құттықтаулар дайындаса, Павлодар облыстық мәдениет филиалы музейдің жас достарына тәтті сыйлықтар тарту етті.
Мәдениет филиалының төрайымы Н.А. Каирденова мұражайдың дамуына қосқан зор үлесі үшін Павел Васильев атындағы мұражай-үйінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етті, ал мұражайға сыйға этникалық стильдегі кілем берілді.
Павлодарлық мәдениет филиалы мен Павел Васильев атындағы музей-үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған павлодарлық ақындар мен оқушылардың қатысуымен өткен іс-шара Ұлы ақын Павел Николаевич Васильевтің шығармашылық мұрасына деген өшпес қызығушылықты растады.