Кәсіподақ мерейтой иелерін марапаттады

Темір аудандық кәсіподақ ұйымы мерейлі 50 жасқа толған білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне сый-құрмет көрсетті.

Мерейтой иелеріне құттықтау хат пен кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.

“Кәсіподақ мерейтой иелерін үнемі құттықтап, олардың ұзақ жылдарғы еңбектерін жастаға үлгі етеді. Елу – ердің жасы. Оған абыроймен жете білу үшін еңбектеніп, өз саласында жауапкершілік танытқан білікті мамандарымызға әлеуметтік қолдау жасау-парызымыз”, – дейді бастауыш ұйым төрағасы.