Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қал-жағдайымен танысты

Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялануына байланысты, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы» қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «Жетісай қызмет» МКК-ның қал-жағдайымен танысу мақсатымен барып қайтты. Кәсіподақ мүшелер қатарына 70 қызметкер кіреді.

Мекеменің кәсіподақ төрайымы Индира Тургынова қажырлы еңбектерінің арқасында қызметкерлер түгелімен кәсіподақ мүшелер қатарына кіреді. «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілген кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының ашық есік күндері, наградаларға ұсыну, жолдама беру, ұйымның ұжым алдында есеп беруі, келісім-шарттар мен ұжымдық шарттар жасасу, олардың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қозғалды. Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.