«КМК мұнай» АҚ Ақтөбе филиалы жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымы Халықаралық балаларды қорғау күнінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасы аясында мүгедек бала тәрбиелеп,өсіріп отырған бастауыш ұйым мүшелерінің отбасыларына қолдау ретінде қаржылай сертификат пен сыйлық табыс етті.
«Балалар-біздің болашағымыз. Олардың дені сау, салауатты ұрпақ ретінде өсіп-өнуіне қолдан келген қамқорлығымызды көрсету-парызымыз.Біз бастауыш ұйым мүшелеріне, өз еңбеккерлеріміздің отбастарына барып, балаларына қуаныш сыйлауды жөн көрдік», дейді «КМК мұнай» АҚ Ақтөбе филиалы жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Елеманов.
Ата-аналар шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.