«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» жинағы ұсынылды

Қостанай облысының білім беру және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін 698 бастауыш ұйымға «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» жинағы ұсынылды.

Бұл басылым Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелген және оған сәйкес ISBN нөмірі бар.

Облыстың білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары жинақтың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының техникалық инспекторы, «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» облыстық байқауының жеңімпазы Сағит Ақанов атап өткендей, бұл жинақ білім беру ұйымдарында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әдістемелік қолдау болып табылады.
Мұндай жинақтың кәсіподақтың бастауыш ұйымы жылында жарық көруі қуантады.