“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-да еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылау жүргізілді

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-қуаттылығы 1000 МВт болатын Қазақстандық энергетикалық кәсіпорын.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жұмысындағы ең бастысы – өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылауды “СЭГРЭС-2″АҚ-дағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор ережесінде қоғамдық қызметі айқындалған еңбекті қорғау жөніндегі 15 техникалық инспектор жүзеге асырады.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі міндеті заңнамамен айқындалған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, белгіленген нормативтерге сәйкес әрбір қызметкер үшін салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесу болып табылады. Жұмыс беруші ай сайын техникалық еңбек инспекторларына лауазымдық айлықақысына (айлық тарифтік мөлшерлемесіне) 5% мөлшерінде қосымша ақы төлейді.

“Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы” Ережеге сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Кеңестің міндеттері:

Жұмыс берушінің, жұмыскерлердің, кәсіподақ комитетінің, Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жұмыс берушінің және кәсіподақ комитетінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруге қатысу, еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөнінде жұмыс берушіге тиісті ұсыныстар дайындау; Ұжымдық шарттың немесе еңбекті қорғау жөніндегі келісімнің тиісті бөлімінің жобасын дайындау үшін ұйымдастыру-техникалық және санитариялық-сауықтыру іс-шараларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қарау; “ЭГРЭС-2″АҚ қызметкерлерін:жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жай-күйі мен жүргізілетін іс-шаралар, денсаулығына зақым келу қаупі, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың профилактикасы,жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін өтемақы; “СЭГРЭС-2” АҚ қызметкерлеріне олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету.

“Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы” Ережеге сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.

Кеңестің міндеттері:
“СЭГРЭС-2” ақ жұмыс орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын бақылау мақсатында ай сайын Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі.

Басшылық пен бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін қабылданып жатқан барлық іс-шаралар 2021 жылы нөлдік жарақаттануды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.