Кәсіподақ мүшелеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы ұйымдастырған «Әрекет апталығы» аясында Жұбанов университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, салалық кәсіподақтың әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі Ольга Сұлтанғалиева қызметкерлерге арналған «Өзара сыйластық пен қадір-қасиетке негізделген еңбек ету мәдениеті» тақырыбында жаднамалар мен инфорграфикалар арқылы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған шара халықаралық еңбек конференциясының N140 «Еңбек саласында зорлық пен алымсақтыққа қарсы күрес» конвенциясының күшіне енуіне байлынысты ұйымдастырылды.

Негізгі мақсаты – әлеуметтік желілер және қызметкерлермен жеке сұхбаттасу арқылы Еңбек Кодексінің негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттармен бөлісу және Еңбек саласында зорлыққа және алымсақтыққа қарсы күресте жұмыскерлерді біріктіру.