Кәсіподақ және жастар: үлкен мүмкіндіктер, биік армандар

Жастар саясатын жүзеге асыру, жас ұстаздардың білім беру саласындағы үздік жұмыстарын, белсенделігін, бірлескен жұмыс нәтижелерін насихаттау, жас ұстаздардың кадрлық резервін қалыптастыру, көшбасшылық деңгейінің артуына ықпал жасау мақсатында құрылған білім кәсіподағы жанындағы Қызылорда қаласындағы Jas Orda жастар кеңесінің 2020-2021 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының қорытынды жиыны болып өтті.

Жиынға қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймырзаева және жас көшбасшылардың ата-аналары қатысты.

Оқу жылы көлемінде белсенді атқарған жұмыстары үшін жас ұстаздар облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.