«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық филиалы, Медицина қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы шағын футбол, шахмат және жеңіл атлетика бойынша турнир өткізді.
Пандемия кезеңінде медицина қызметкерлерінің жүктемесін ескере отырып, осы спорттық іс-шараны өткізу Денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдында жаңа көкжиектер ашады және ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарта отырып және кәсіподақ мүшелігінің уәждемесін күшейтуге ықпал етеді, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Еңбек адамының маңыздылығын арттырады.
Турнир қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды, ал жүлдегерлерге кубоктар, ақшалай сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.