«Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» акциясы аясында Ақтөбе облысында екі мекемеде кездесу өтті

ҚРКФ жариялаған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс кешені қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Атқару комитетінің мәжілісі өтті.

Салалық кәсіподақ жетекшілері «AQTOBE SU-ENERGY GROUP» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымында еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында «AQTOBE SU-ENERGY GROUP» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстары туралы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Манепова баяндады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс кешені қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының құрамына кіреді.

1971 жұмысшы – кәсіподақ мүшелері. Еңбеккерлердің орташа айлығы – 122 мың тенгеден асады. Шілде айынан бастап жұмысшылардың жалақысын дифференциалды түрде 15-20 пайызға дейін өсіру жоспарланған.

Акционерлік қоғамда жұмысшылардың еңбек құқығы мен еңбек қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлінеді. Еңбек даулары болған емес. Еңбек дауларының алдын алу мақсатында кәсіподақ ұжымдық шарт аясында әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға тырысады. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес, сондай-ақ еңбек мәселелерін реттеу жөніндегі келісім комиссиясы жұмыс істейді.

Кәсіподақ комитеті ұжымдағы ауызбіршілік пен татулықты одан әрі нығайту, бастауыш кәсіподақ ұйымының әрбір мүшесінің заңды мүдделерін қорғау бойынша өз жұмысын сәтті жалғастырып келеді.

Қазақстанның 9 өңірінен келген кәсіподақ жетекшілері еңбек ұжымымен кездесуде ұжымдық шарт аясында әлеуметтік әріптеспен бірлесіп атқарылған жұмыстармен танысты.