Осы жылы 2020 жылғы 27 ақпандағы “ҚазТрансОйл” АҚ басшылығы мен қызметкерлері арасында ұжымдық шартқа №1 қосымша келісімге қол қойылды. Ұжымдық шартқа №1 қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін не өзгерді?
“ҚазТрансОйл” АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі компанияның кадр қызметтерімен бірлесіп, еңбек ұжымдарында ұжымдық шартқа жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Қосымша келісіммен:
– қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша түзетулер уақтылы енгізілді (толықтыру пандемияға байланысты енгізілді);
– тарифтік мөлшерлемелерге разрядаралық тарифтік коэффициенттерді қолдану өзгертілді;
– органдардың доноры болып табылатын қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысының сақталуына кепілдік беріледі;
– белгілі бір жағдайларда вахташыларға әуе көлігімен жол жүру мүмкіндігі ұсынылды (пандемияға байланысты қосымша енгізілді);
– бос тұрып қалуды ресімдеу рәсімі өзгертілді (пандемияға байланысты қосымша енгізілді);
– ана болу үшін қолайлы жағдай жасау, скринингтік зерттеулерден өту, бала күтімі, өндірістен қол үзбей білім алу мақсатында әлеуметтік демалыс ұғымы нақтыланды;
– келісім комиссиясының жұмысына өзгерістер енгізілді.
“Қосымша келісім өзгеріп жатқан өндірістік және өмірлік жағдайларға жедел ден қою құралы болып табылады, компания қызметкерлерінің еңбегі мен демалысын жақсартуға бағытталған”, – деп атап өтті жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Пфейфер.