Қарағанды облысының қоғамдық кеңесінде экология және сумен жабдықтау мәселелері қаралды

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Серік Төрегелдиннің төрағалығымен бұрынғы Қазақ драма театры мен Костенко атындағы шахтаның ауданында орналасқан Хорошинская және Горький көшелерінде тұратын облыс орталығы тұрғындарының өтінішін қарастыру бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы онлайн режимде өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдары ең ірі өнеркәсіптік аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі мәселелерді тұрақты көтеріп отырады.

Кеңес барысында Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Дүйсенбаев, Қарағанды облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов, Қоғамдық кеңес мүшелері – құқықтық комиссияның басшысы, Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, Еңбек ардагері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Григорий Презент, «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» Қауымдастығының президенті Гүлнәр Құрбанбаева, «Намус» Азербайжан ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ Қарағанды облысы бойынша төрағаның орынбасары Любовь Багирова, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Наталья Вшивцева сөз сөйледі.

Сонымен қатар, отырыста «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдары қаралды.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Ертіс-Қарағанды» каналы арқылы келіп түсетін ауыз судың сапасы жөніндегі мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қарау туралы шешім қабылдады.