Қарағанды облысының Үйлестіру кеңесі еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді қарастырды

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 2021 жылғы 30 маусымда Кәсіподақтар федерациясының қатысу үлесі бар шипажайларына баратын кәсіподақ мүшелерінің сауықтыруын және оқытуын біріктіруге бағытталған «Ем ал! Дем ал! Білім ал!» жобасын бекіту туралы шешіміне оң баға берді.

Филиалдар мен жергілікті кәсіподақтар басшыларының ұсынысы бойынша, еңбек адамдарының пікірін, сондай-ақ нақты кәсіпорындарда шешілмеген мәселелердің дәрежесін ескере отырып, кәсіпорындарды Қарағанды облысының әлеуметтік шиеленісінің еңбек тәуекелдері картасына енгізу туралы шешім қабылданды, және бұл жұмыс барысында кәсіподақтар еңбек ұжымдарындағы жағдайдың өзгеруі бойынша тұрақты мониторингті жүзеге асыратын болады. Кәсіподақ көшбасшылары әлеуметтік әріптестік саласындағы жұмыскерлердің мәселелерін шешудегі бірлескен жұмыстың арқасында ғана кәсіпорындар мен ұйымдарда салауатты орта қалыптастыра алатынына сенімді. Оның үстіне, «Жақтау» металлургтер және «Қорғау» көміршілері кәсіподақтары мен «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігінің бірлескен жұмыс қорытындысының жақсы тәжірибесі мен оң мысалы бар.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері кәсіподақ жұмысындағы жаңа тәсілдер мен әдістер бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.

Облыстың кәсіподақ ұйымдары Қарағанды облысының әкімі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері, жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған қол қойылған Келісім шеңберінде, іс-шаралар жоспары (Жол картасы) шеңберінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған өздеріне қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша кәсіподақтар тараптарының одан әрі үйлестірілген іс-қимылдарын талқылады.

Үйлестіру кеңесі сондай-ақ Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарына «Еңбек жолы» және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстарына «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялары бойынша өтінім беру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қарағанды облысының кәсіпорындарынан 23 өтінім тіркелді, оның ішінде 18 шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 5 ірі кәсіпкерлік субъектілері.