2021 жылғы 1 сәуірден бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік консультациялық қызметтер көрсету және қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалы құрылды.
2021 жылғы 23 шілдеде халық арасында covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Г.О. Жаркенова және ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.А. Иванова “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ кәсіподақ мүшелерін қабылдауды онлайн форматта өткізді.
ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жедел желісіне жұмыс берушінің еңбек қатынастарын тоқтату туралы бұйрық шығаруына байланысты кәсіподақ мүшесінің еңбек құқықтарын түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Жүгінген кәсіподақ мүшесіне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онлайн консультация берілді, өтініш толық шешілгенге дейін тұрақты бақылауға тіркелді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап еңбек қатынастарын реттеу, еңбекақы төлеу жөніндегі көптеген заңнамалық-нормативтік актілерге өзгерістер енгізілуіне байланысты Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының ұйымы түсіндіру және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін жүгінген қызметкерлер санының өскенін атап өтті.
“Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ құқықтық қызметінің 2020 жылғы жұмысын талдау қорытындысы бойынша құқықтық мәселелер бойынша – 1011, жеке қабылдауда – 265, телефон арқылы – 716, бұқаралық ақпарат құралдарында – 1, интернет желісінде – 29 ауызша кеңес берілді, жазбаша өтініштерге – 30 жауап берілді. Құқықтық мәселелер бойынша 3 бейнесабақ әзірленді.
2020 жылғы жалпы экономикалық тиімділік 63 837 345 теңгені (алпыс үш миллион сегіз жүз отыз жеті мың үш жүз қырық бес) құрады.
2021 жылдың І жартыжылдығындағы экономикалық тиімділік 27 197 177 теңгені (жиырма жеті миллион бір жүз тоқсан жеті мың бір жүз жетпіс жеті) құрады:
– “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңына сәйкес қоса атқарушыларға емдік жәрдемақы, педагогикалық шеберлігі, тәлімгерлігі үшін қосымша ақы төлеу;
– қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша ауыстыру үшін ақшалай қаражат төлеу;
– еңбекақының дұрыс есептелмеуіне байланысты мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілеріне қайта есептеу;
– тәлімгерлік үшін ақы төлеу бойынша қайта есептеу;
– директорлардың басшылары мен орынбасарларына сағат өткізгені үшін 0,5 ставка көлемінде емдік сауықтыру жәрдемақысын төлеу;
– жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту бойынша жалақыны есептеу, сондай-ақ каникул уақытында жұмысқа ақы төлеу.
Анықтама: ҚРКФ Заң клиникасы туралы Ережеге сәйкес шектеу карантиндік шараларының қолданылу кезеңіндегі барлық қызметтер бейнеконференцбайланыс және телекоммуникация құралдары арқылы жүргізіледі. Кәсіподақ мүшелері тәулік бойы 87088614656 жедел желі телефонына хабарласу арқылы практикалық, тегін заңгерлік (кеңестік) көмек алуға жүгінуге құқылы.