Қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін салауатты жұмыс орындарын қамтамасыз ету – өзекті мәселе

“Каустик” АҚ Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының “Салауатты жұмыс орындары” жобасы іске асырылатын Павлодар облысының жеті кәсіпорнының бірі болып табылады.

Осы мақсатта 2019 жылы “Каустик” АҚ және “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Павлодар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы” РММ арасында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) “Салауатты жұмыс орындары” жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Жасалған Меморандумды орындау бойынша “Каустик” АҚ кәсіпорын бойынша 27 адамнан тұратын жұмыс тобын құрды, жұмыс жоспарын жасады және әрбір жұмыс орнының тәуекелін талдауға және әрбір қызметкердің денсаулық жағдайы паспортына кірісті. Кәсіпорынның ұжымдық шартында қызметкерге оның денсаулық жағдайын тексеру, медициналық тексеруден өту үшін бір жұмыс күнін ұсыну қарастырылған.

– Салауатты жұмыс орындары” жобасы кәсіптік денсаулық және салауатты өмір салты, қауіпсіз мінез-құлық және жеке гигиена, тамақтану гигиенасы және қауіпсіз азық-түлік, психикалық денсаулық және профилактикалық медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділік сияқты проблемаларды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл салауатты жұмыс орындары үшін негіз болады, жұмыс орнындағы қызметкердің жеке денсаулық әлеуетін және оның дене белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді, – дейді “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев.