Ақтөбе өңірінде кәсіподақ қолдауына ие болған жас мамандар қарт Каспийдің жағалауына демалысқа жол тартты. «Жас келсе, іске» демекші, олар білім мекемелерінде еңбек етіп жүрген қатардағы мұғалімдер емес, өз ісінің нағыз майталмандары. Олардың ішінде өнер десе алдына жан салмайтын шығармашыл жандар, байрақты бәсекелерде топ жарған спорт үздіктері, ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген интеллектуал жастар бар.
Ұстаздар 162 әулие мекен еткен Маңғыстау облысының киелі жерлерін аралап, теңізге шомылып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Одан бөлек, Ақтөбе облысының жас педагогтар қауымдастығы TEDX алаңында бас қосып, түрлі тақырыптарды талқылауда. Мәселен, онлайн оқу кезіндегі әркімнің ақпараттық технологияларды қолдану бойынша өз жеке үздік тәжірибелерімен бөлісіп, дістемелік лайфхактарды қарастыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі педагог имиджін талқылады. Жас педагог оқуға қажетті кітаптармен бөлісті.
Нәтижесінде кәсіподақ мүшелері арасында онлайн платформада оқырмандар клубын құру ұсынылды.
Шара барысында құқықтық және қаржылық сауаттылық мәселесі сөз етілді.