Нұр-Сұлтанда қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының ұйымдастыруымен судьялыққа кандидаттарды іріктеу жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған кеңестің мүшесі “Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов қатысты.

Сонымен қатар, Қоғамдық Кеңестің төрағасы, отставкадағы судья М.Нұрабаев, отставкадағы судья Б.Ахметов, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы А.Шәріпжанов, “Адам және Заң” республикалық заң газеті мен “Құқық және саясат” журналының бас редакторы, “Еуропалық құқық және адам құқықтары институты” ЖҚ басшысы М.Бәшімов және т.б қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалайды. Бұл судья лауазымына кандидаттарды іріктеу барысында осы процестің ашықтығын қамтамасыз етудің бір тетігі болып табылады.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.