«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауын жариялады.
Байқау талаптары:
– байқауға қатысуға өтінім;
– бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы толық ақпараты бар анықтама-визитка;
– ұжымдық шарт;
– 2021 жылға арналған жұмыс жоспары;
– бір мәдени-көпшілік іс-шараның сценарийі;
– кәсіподақ комитеті отырысының және жалпы жиналыстың бір хаттамасы;
– бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысының тиімділігі мен рөлін арттыру туралы эссе;
– бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының өзін-өзі таныстыруы (көшбасшының автопортреті яғни өзі туралы әңгіме, өзінің көшбасшылық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы, кәсіподақ көшбасшысы ретінде жетістіктерін көрсету, өзінің көшбасшылық қасиеттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына әсерін көрсету).
10 тамызда байқау комиссиясы өтінімдері қарауды бастады.
Комиссия құрамына ««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, Қарағанды медициналық интерколледжінің бас директоры, «Шарапат» ҚБ төрағасы Аманжол Нурбеков, «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметінің басшысы Мейрамгүл Майлығұлова, «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Элеонора Омарова, «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ляйля Закрина, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев кірді.
#kasipodaqkz
#БКҰ21
#kasipodaqkomektesude
#ӘлеуметтікӘріптестік
#ҚалыңҚалайБастауыш
#ҚРКФ
#Қарағанды
#БастауышКәсіподақҰйымыЖылы