Су және электрмен жабдықтау объектілері құрылысының барысымен танысты

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы Жол картасын жүзеге асыруды үйлестіру және бақылау жөніндегі комиссиясының мүшесі Руслан Ақжігітов қала бойынша бекітілген жол картасы шеңберінде су және электрмен жабдықтау нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты.

“Сәуле” шағын ауданы аумағында өмір сүруге жайлы жағдай жасау мақсатында сумен жабдықтау желісінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, “Достық” тұрғын алабы мен “Ынтымақ-2″шағын ауданында инженерлік (электр) желілерді жүргізу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Бұл  объектілерге тапсырыс беруші Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы болып табылады. Комиссия мүшелері жұмыс барысы, объектілерді тапсыру мерзімдері туралы мердігердің есебін, сонымен қатар, салалық басқарманың мәліметтерін тыңдады.

#kasipodaqkz

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы