Кәсіподақтық білім марафоны жалғасуда

Кәсіподақтар федерациясының онлайн білім марафоны жалғасуда. Бүгін марафонның тұрақты дәріскерлері Шымкент қаласы мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ активіне дәріс оқыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақтық білім марафоны еңбек даулары, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу, болдырмау, шешу мақсатында еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен дауларында консенсусқа қол жеткізуі үшін кәсіподақ активінің құқықтық сауатын көтеруге бағытталған.

Білім марафоны аясында бүгінгі күнге дейін осындай 27 семинар ұйымдастырылды.

Бүгінгі семинар барысында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова еңбек дауларының алдын алу және шешу жолдары, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін түсіндірді.

Одан кейін Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева кәсіподақтың негізгі қағидалары мен еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесіне тоқталды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Ем ал! Демал! Білім ал!»  атты жаңа кәсіподақ жобасын таныстырды. Елордадағы «Адал Ниет Астана» оңалту орталығында  іске қосылғалы отырған жоба кәсіподақ мүшесіне бір мезетте ем алуға, демалуға және кәсіподақтар саласындағы білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша денсаулығын түзеуге келген кәсіподақ мүшесі 10 күнде кәсіподақтар жұмысына қажетті 10 тақырып бойынша 10 сағаттық дәріс тыңдап қайтады. Ал  кәсіподақтық жолдамаға кететін шығынды  МӘМС-дан қаражат тарту арқылы азайтуға мүмкіндік бар.

Семинар бұдан әрі сұрақ-жауап бөліміне ұласып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға дәріскерлер тарапынан тұшымды жауаптарын алды.