«Zolotaya seredina-SM» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени орталығы жанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының қолдау көрсетуімен «Халықтар достығы» ҚБ және Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығымен бірлесе отырып медиация кабинеті ашылды.
Аталған іс-шара «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына орайластырылды.
Медиация кабинеті әр тұрғынға медиацияны қолдану бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде еңбек, отбасылық және басқа да қатынастар саласындағы дауларды сотқа дейін реттеуді дамытуға ықпал етеді.
Осы алаңда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының және Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығының өкілдері еңбек даулары бойынша құқықтық консультациялар мен медиация рәсімдеріне қатысты қызметтер ақысыз негізде жүзеге асырылатын болады.
Медиация кабинеті ақпараттық құралдармен және медиация туралы анықтамалық әдебиеттермен жабдықталған, сондай-ақ мұнда медиаторлардың онлайн байланыс арқылы қашықтықтан кеңес беру мүмкіндігі ұйымдастырылған.
Кабинеттің ашылу салтанатына Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашев, Теміртау қалалық сотының судьясы Әсел Әбенова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының және Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығының басшысы Света Шардарбекова, «Zolotaya seredina-SM» ҚБ медиация орталығының басшысы Бану Тюлюбекова, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени орталығының төрағасы Әлішер Жақыпбеков, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері, медиаторлар қатысты.
Жиналғандар Теміртау қалалық сотының судьялары, «Zolotaya seredina-SM» ҚБ медиаторлары мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының және Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығы заңгерлерінің бірлескен жұмысының жемісті болатындығына сенім білдірді.