Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған 30 шақырымдық марафон өз мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы ұйымдастырған Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 шақырымдық марафон-челленджін қабылдаған елордалық теміржолшылар марафонды қорытындылады.

Спорттық іс-шараның бастамашысы “Қазкөліккәсіп” ҚБ “Астана” филиалының төрағасы Серік Сәрсекеевтің айтуынша, жарысқа Нұр-Сұлтан теміржол торабының 100-ден астам қызметкерлері мен ардагерлері қатысып, олардың ішіндегі ең үздіктері бес жас санаты бойынша анықталды.

Қатысушылардың алдында күнделікті нәтижелерін Strava мобильді қосымшасында тіркеп, 30 күн ішінде 30 шақырымды бағындыру міндеті тұрды.

– Регламент бойынша әрбір марафоншы күніне бір шақырымнан жүгіруге тиіс болатын, бірақ көптеген теміржолшылардың ауысымдық жұмысы болғандықтан, біз оларды регламент шеңберімен шектемедік және олар үшін ыңғайлы уақытта ұзағырақ қашықтықты еңсеруге рұқсат бердік. Басты шарт – 30 күнде 30 шақырым жүгіру өзгеріссіз қалды, – деді ” Қазкөліккәсіп ” ҚБ “Астана” филиалының спорт нұсқаушысы Роман Подгатец.

Айта кетерлігі, елордамен қатар эстафетаны Атбасар теміржолшылары да қабылдаған.

30 күндік жүгіру қорытындысы бойынша 30 жасқа дейінгі жастар арасында “Жолаушылар тасымалы” “Экспресс” АҚ филиалының өкілі Досбол Алтаев пен Назгүл Қорғанбаева, 41-ден 50 жасқа дейінгі жас санатында Руслан Молдағалиев (қозғалыс қауіпсіздігі департаменті), 51 жастан 63 жасқа дейінгі жас санатында “ҚТЖ – Жүк тасымалдары” ЖШС-нен Сәуле Қалтаева үздік нәтиже көрсетті.

63 жастан асқан ардагерлер арасында Виктор Тихомиров (Атбасар жол дистанциясы) “алтынға” қол жеткізді.

Марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар алды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алғыс хаттармен марапатталды.