Биылғы тамыз жиыны инновацияларды енгізу, техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды өзекті сұрақтарды талқылайтын диалог алаңы болды. Кеңес отырысы облыстық, республикалық электронды және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Ақтөбе өңірі ұстаздарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған Оңдасын Оразалин мұғалім мамандығының маңыздылығын баса айтып, мемлекет тарапынан педагогтардың мәртебесін көтеруге, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындауға жан-жақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ, өңірдің білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарды марапаттады. Бірқатар мұғалімге ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісі, облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан өзге салалық кәсіподақ тарапынан 17 үздік ұстазға 1 700 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.