Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен «Жанұя және жаңа технологиялар» тақырыбында білім беру мекемелерінде апталық жоспарланған болатын.
Оның аясында спорттық сайыстар, дәрістер, семинар-тренингтер және кездесулер ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, Ақкемер орта мектебінде 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг өтті. Қатысушылар отбасындағы тәлім-тәрбие жайлы ой бөлісті. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. Қандыағаш қаласындағы №4 орта мектепте «Отбасылық құндылық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Қазыналы қарттарымыз жастарға ақыл-кеңестерін айтып, үлгі-өнеге көрсетті.
Отбасылық құндылықтар туралы әңгіме өрбітті. Ал Саға және Қандыағаш қаласындағы №2 орта мектептерде «Мыңнан жүйрік», «Ана мен бала» атты спорттық сайыстар өтті. Ембі қалалық №4 орта мектебінде «Жанұя және жаңа технологиялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Осындай тағылымды шаралар ауданның барлық білім ошақтарында жалғасын тапты.