Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Киберспорттан турнир өтті. Турнирге “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ филиалдарынан құрылған сегіз команда қатысты: “Октябрьмұнай” және “Кениякмұнай” Мұнай және газ өндіру басқармалары, Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені, Ақтөбемұнайсервис, Құрылыс, Мұнай және мұнай өнімдерін сату, “Ақтөбеэнергонефть” басқармалары және Ғылыми зерттеу институты командалары.
Әр команданың құрамында бес адамнан болды.
Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның кәсіподақ ұйымдары толықтай қолдау көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені, екінші орынды “Ақтөбеэнергонефть” басқармасы иемденсе, “Ақтөбемұнайсервис” басқармасы турнирдың жеңімпазы атанды.
Атап өтетін жағдай “Ақтөбемұнайсервис” басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымы республикалық “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021” сайысында бағын сынауда.
Жастар комитетінің жұмысын қолдау және бірлесіп жұмыс істеу “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” кәсіподақ ұйымының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.