Үйлестіру кеңесінде кәсіподақ мүшелерінің мәртебесін арттыру мәселесі қаралды

Маңғыстау облысы кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен кәсіподақтар күніне орай үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Маңғыстау облысы үйлестіру кеңесінің 14 мүшесі қатысты.

Жиналыс барысында осы тақырып аясында өткізілетін іс-шараларды талқылап, ұсыным берілді. Сонымен қатар, алдағы болатын іс-шараларға байланысты жауапты 5 үйлестіру кеңесінің мүшелері сайланды. Шараның мақсаты – кәсіподақ ардагерлерін және кәсіподақ мүшелерінің мәртебесін арттыру.