«YNTYMAQ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының кәсіподақ мүшелері марапатталды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кәсіподақтар күніне орай өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы» өткізілді.

Форумның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін нығайту, кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамыту және кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибелерді насихаттау болып табылады.

Форум барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды. Атап айтсақ, “YNTYMAQ” шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Қуатжылу орталық» МКК бөлім басшысы Талғат Дәулетовке тұңғыш рет табысталған «Еңбек озаты» төсбелгісі және «Shymkent bus» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ төрайымы Қарлығаш Қолдасбековаға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасы табысталды.