Салалық кәсіподақ филиалы ҚР Кәсіподақтары күнін жоғары дәрежеде атап өтті

Шығыс Қазақстанда Қазақстандық салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы филиалының кеңесінің кәсіподақтардың төл мерекесіне орай бірлескен салтанатты жиыны өткізілді.

Мерекелік жиынды кіріспе сөзбен филиал төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын жан-жақты баяндап берді және 2020- 2021 жылғы атқарылған іс-шаралар бойынша қысқаша ақпарат берді.

ШҚО аумақтық кәсіподағының заңгері Батырбек Нұрпейісов 7 қазан Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күні жыл сайын аталатынын, биылғы жылы бұл күн «Әділ жұмыс орындары» ұранымен аталып өтетіні туралы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымының осы бастамасын қолдай отырып, кәсіподақ ұйымдарын Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күнін атап өтуге қатысуға шақыратыны туралы және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді. Жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылатын іс-шаралардың жоспарларымен таныстырып өтті.

Медиация және келісім орталығының жетекшісі Елизавета Абдрахманова облыста медиацияның және келісім орталығының жұмыстарының атқарып жатқан іс-шараларын қысқаша баяндап берді. Осы мәселелер туралы бастауыш ұйымдарына оқыту ұйымдастыру жайында толық мағлұмат берді.

Аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының орынбасары Қайрат Қуандықов биылғы қабылданып, бекітілген облыстық үшжақты келісімдегі оң мәселелерге тоқталып, жиналған қауымға оның орындалу барысы туралы баяндап, қабылданған облыстық келісімді орындауда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөліне ерекше тоқтап өтті.

ШҚО филиалының заңгері Жұлдыз Бейсенбинова Еңбек кодексі және Ұжымдық келісімді үйлестіріп жасау мәселесін түсіндіріп берді. Қолданыстағы ұжымдық шарттардың сапасын аттыру жолдары туралы түсініктемелер жасады.

Кәсіподақ мерекесімен құттықтай отырып, бірнеше мекеме басшылары, кәсіподақ төрағалары және белсенді кәсіподақ мүшелері «Еңбек Даңқы» медалімен және Құрмет грамоталармен марапатталды.

Жиын соңынан қатысушыларға арнайы түскі ас беріліп, көтеріңкі көңілмен тарқалды.