ҚРКФ білім марафоны аясында Шымкент пен Түркістан облысында кәсіподақ белсендісінің қатысуымен кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелері бойынша кезекті онлайн оқыту семинары өтті.
Семинарда бірінші болып ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қатысушыларға нақты мысалдарды қолдана отырып, жобаларды басқару стандарттары мен жоспарлау туралы айтты.
ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Шерзод Пулатов қатысушыларға еңбек дауларын баламалы шешу дағдыларымен бөлісті. Дәріскер әлеуметтік және еңбек дауларын шешудегі медиация курсын ұсынды.
«2018 жылы ҚР кәсіподақтар федерациясы мен ҚР Жоғарғы Соты арасында даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешу арқылы қоғамдағы жанжалдарды азайтуға бағытталған Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде республиканың 17 аймағында кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері негізінде Татуласу орталықтары ашылды, олар бүгінде кәсіби медиаторлардың қатысуымен еңбек дауларын шешу бойынша іс -шараларды жүзеге асырады, сонымен қатар Заң клиникасы жұмыс істеп тұр », – деді Шерзод Пулатов.
Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева әріптестерін кәсіподақ қызметінің негізгі принциптерімен және еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесімен таныстырды. Ол кәсіподақ ұйымдарының қызметіне қатысты кәсіподақ заңнамасының жаңа нормаларына ерекше тоқталды.
Майра Боранбаева жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы негізгі буындардың бірі – бастауыш кәсіподақ ұйымы екенін атап өтті.
«Ұжымдық шарт – жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым -қатынастың негізі. Бұл құжат жұмыс беруші яғни әлеуметтік әріптес тарапынан қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың барлық шаралары көрсетіледі. Аймақтық деңгейге келетін болсақ, барлық әлеуметтік қолдау шаралары аймақтық деңгейдегі үшжақты келісімдерде көрсетілуі тиіс. Республикалық деңгейде бұл нормалардың барлығы Бас келісімде айқындалған», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл басында Кәсіподақтар федерациясы мен оған бағынышты ұйымдарда 9 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін қамтитын 243 семинар -тренинг өткізілді.