КӘСІПОДАҚТЫҚ ОНЛАЙН БІЛІМ МАРАФОНЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ МЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ

ҚРКФ-ның келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша  білім марафоны Алматы қаласы мен Алматы облысы кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен өткен семинар аясында өз жұмысын жалғастырды.

Семинарды аша отырып, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев федерацияның білім беру жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіподақтар федерациясы оқыту семинарларын жалғастыруда. Бүгінгі семинар Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіподақ белсенділеріне арналып отыр. Кәсіподақ кадрларының кәсіби деңгейін жоғарылату және  құқықтық мәдениетін арттыру ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрсетілген кәсіподақтар федерациясының басым міндеттері болып табылады, – деп атап өтті ҚРКФ төрағасының орынбасары.

Коронавирус пандемиясы кезінде жұмысшылар үшін қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу мәселелері ерекше маңызға ие болды.

Бұл туралы қатысушыларға Құқықтық қолдау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғманов хабарлады.

 

Баяндамашы қашықтан жұмыс істеу барысында еңбек қатынастарын жетілдіруге және реттеуге бойынша Қазақстанның еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Павлодар облысы кәсіподақтар орталығындағы Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова нақты мысалдарды қолдану арқылы еңбек дауларын шешу бойынша сот тәжірибесіне шолу жасады.

 

Ұсынылған істердің бірқатары жалақыны уақтылы төлемеу үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі, жұмысқа қайта алу мәселесі бойынша еңбек дауын шешу және басқа да жағдайларға негізделген.

Кәсіподақтар федерациясы жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі – әлеуметтік әріптестікті дамыту.

ҚРКФ ӘЭҚ және ӘӘ комитетінің басшысы Айжан Ибраева өз сөзінде ұжымдық-шарттық реттеу мәселелеріне тоқталды.

 

Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік жүйесі туралы ақпарат берді және ұжымдық шарттарды әзірлеу мен оған қол қою процесі туралы айтты.

Сонымен қатар, ұжымдық шартты іске асыру тетіктері, ұжымдық келіссөздер әдістері мен әлеуметтік әріптестікті нығайтудың басқа тұстары туралы әңгімелеп берді.

«Ұжымдық келісім – әлеуметтік әріптестік жүйесінде қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғаудың маңызды құралдарының бірі», – деп атап өтті Айжан Ибраева.

Семинар  ұсынылған тақырыптар бойынша пікір алмасуға ұласып,  қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн  білім марафоны ҚРКФ бастамасымен биылғы жылдың 21 маусымында басталған болатын. Акция аясында республиканың барлық салалары мен аймақтарынан кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен 240 -тан астам  семинар өткізілді.