2021 жылғы 12 қазанда “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне байланысты ерекше еңбегі, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және саланың әлеуметтік серіктестігін дамытуға қосқан үлесі үшін “Мемлекеттік қызметкерлер салалық кәсіптік одағы” ҚБ Құрмет грамоталарын тапсырды.
Марапат алушылар қатарында Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары А.С. Баязитов, полиция департаменті емханасының госпиталі Б. К. Бектасова, ҚАЖК АП 162/2 мекемесі Е.А. Исатаев, Облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Г.С. Мусенова болды.