Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихат залында «Қазақстан кәсіподақтарының күні» аясында аудан әкімінің орынбасары М.Оспановтың төрағалық етуімен аудандық кәсіподақ мүшелерін құттықтау жиыны өтті.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жандарбеков, аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппаратының жетекшілері Е. Дәуітбаев, М.Әбдікәрімов қатысты.
«Аудандық ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және ММ қызметкерлері кәсіподағының» аудан бойынша өкілдігінің төрағасы Ш.Үмбетов кәсіподақтар күні туралы баяндама жасап, құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары М. Оспанов кәсіподақ мүшелерін құттықтап, кәсіподақ жаңашырлары мен белсенділерін кәсіподақтың Орталық комитетінің «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапаттады. Атап айтқанда, Ж.Өмірбаева 3-дәрежелі, Қ.Әлсейіт 3-дәрежелі, М.Оразалин 2-дәрежелі медальмен марапатталды.