Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанованың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің бесінші отырысы өтті.
Өңірлік даму жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңес мүшелеріне онлайн-форматта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өңірлік даму жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Вера Ким сөз сөйледі.
Кеңес мүшелері ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жақан Жәкеновтың Павлодар облысында халық санағын өткізу мәселелері жөніндегі баяндамасын тыңдады.
Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері көмірмен қамтамасыз ету туралы туындаған мәселелерді талқылады, оларға Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтан жауап алынды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру және моноқаланы одан әрі дамыту және абаттандыру мәселелері бойынша Ақсу қаласы бойынша Жол картасының көрсеткіштерін орындау туралы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Марина Гайдаренконың ақпараты тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар тыңдалып, ұсынымдар әзірленді.