ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған “Әділеттілік пен дамуға – бірлікте” Стратегиясында Еңбек адамы және оның отбасы – кәсіподақтардың басты құндылықтары болып жарияланды.
25 қазанда Қазақстан Республикасында “Кабель өнеркәсібі қызметкерлерінің күні” кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Павлодар қаласының “Қазэнергокабель” АҚ шығарылатын өнім номенклатурасы 17 000 астам атаулар мен маркоразмерлері бар Кабельдік-өткізгіш өнімдердің аса ірі отандық өндірушісі болып табылады.
Кәсіпорында “Қазэнергокабель “жергілікті кәсіподақ” ҚБ қоғамдық қызметін табысты жүзеге асырады, оның құрамында кәсіподақтың 492 мүшесі бар.
Кәсіби мереке күні жемісті және ұзақ жылғы еңбегі, өнім сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі ең жоғары көрсеткіштері үшін “Қазэнергокабель” АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің грамоталарымен, “Қазэнергокабель “АҚ грамоталарымен марапатталды. Марапатталғандардың арасында жергілікті кәсіподақ төрағасы, жетекші заң кеңесшісі Яковенко Ирина Викторовна бар.
Мерекелік күнге жергілікті кәсіподақ жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестікте “Кәсіподақ жаршысы” газетін шығарды, онда еңбегі үшін құттықтаулар мен алғыс хаттар, кәсіподақ қызметі туралы мақалалар, барлық марапатталғандардың, еңбек ардагерлерінің және Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастарының галереясы бар. Жергілікті кәсіподақтың белсенді мүшелері жергілікті кәсіподақтың эмблемасы бар естелік кәсіподақ футболкаларымен марапатталды.