Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Батыров, Т.Асылбеков және «Батыс Қазақстан облысының Қәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Б.Атауов ағымдағы жылдың 27 қазан күні облыстың бірқатар ірі кәсіпорындары ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.
Бұл кездесулердің мақсаты – ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған, сондай-ақ электрондық еңбек шарты (E-hr) жүйесіне қосылған кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру.
Кездесу барысында жұмыс берушілерге ұжымдық шарт жасасудың маңыздылығы, сонымен қатар қолданыстағы еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жадынамалар таратылды.