Әскери-спорттық сайыс аудандық білім қызметкерлері кəсіподағының демеушілігімен және аудандық əдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өтті.
Жарыстың мақсаты – алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әскери қолданбалы спорт түрлерін дамыту, аталған пән мұғалімдерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, оларлың шеберлігін шыңдау, бейбітшілік, бірлік, келісім ұғымын насихаттап, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімін ояту.
Сайыс қорытындысы бойынша, 1-орынды Сағыз орта мектебінің мұғалімі Жұмабаев Уəлихан жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі Əуелбаев Қуаныш иеленді. 3-орын Қарабұлақ орта мектебінің мұғалімі Тайжанов Меңдіғұлға берілді.
Жеңімпаздарды аудандық кəсіподақ ұйымының төрағасы құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.