Медицина қызметкерлері арасында кәсіби біліктілік жарысы ұйымдастырылды

“Қызылорда облыстық жедел-жәрдем стансасының” облыстық деңгейде медициналық қызмет көрсетіп жатқанына 5 жыл толды. Осы орайда, ұжымда “II-ші облыстық медициналық жедел-жәрдем шақырыс топтарының кәсіби біліктілік жарысы” ұйымдастырылды. Басты девизі – “Біз көмекке дайынбыз”.

Үш жүлделі орын тағайындалып, жеңімпаздарға марапат қағаздары, арнайы және ақшалай сыйлықтар табысталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы және “Бионорика” фармкомпаниясы сайысқа өз үлестерін қосып, қолдау көрсетті.