№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен орталық бөлімшелері арасында өнер сайысы өтті. Төрт топқа бөлініп, ән айту мен би өнерінен, қойылым қоюдан сынға түскен әріптестер шарада ерекше көңіл-күйде болды.
Орталықта қазірде 344 қызметкер жұмыс істейді. Еңбек ұжымына мерекелік көңіл сыйлаған сайыста өнерпаз қызметкерлерге Дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, орталықтың бірқатар қызметкерлері әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Қызылорда облысы әкімінің, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымы Алғыс хаттарымен марапатталды.