10 қараша күні Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кудратулла Рафиков және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзода Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін (ОАЕКК) құру туралы хаттамаға қол қойды.
Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің бірінші құрылтай жиналысына қатысушыларға арнаған сөзінде Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков үш мемлекеттің ірі кәсіподақ бірлестіктерін біріктіру туралы шешімнің ортақ болғанын атап өтті. Ол құрылып жатқан Кеңестің мақсаты ОАЕКК мүшелерінің еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіптік, экономикалық және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін, кәсіптік одақтардың құқықтары мен қызметіндегі кепілдіктерін қорғау жөніндегі іс-әрекеттерін біріктіру екенін баса айтты.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің құрылуы Орталық Азия аймағындағы 15 миллионнан астам еңбеккерлердің лайықты еңбек стандарттарына және ол үшін әділ төлемге ұмтылысында ынтымақтастықты бекітуге мүмкіндік беретінін және халықаралық кәсіподақтар бірлігін нығайтуға әсер ететіндігін атап өтті. ҚРКФ басшысы Кеңес қызметінің бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
«Біріншіден. Жыл сайын Орталық Азия елдерінің Субөңірлік кәсіподақ форумын өткізу, онда біз кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылап, ортақ көзқарастарды әзірлей аламыз. Бірінші форумды 2022 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын.
Екіншіден. Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылатын Кәсіподақтар академиясының базасында (егер өзбекстандық әріптестер келіссе) Бірыңғай білім беру хабын қалыптастыру, онда біздің өкілдер тұрақты негізде жаңа білім алып, кәсіподақтың озық тәжірибелерімен алмаса алатын болады.
Үшіншіден. Біздің елдердің кәсіподақ шипажайларында кәсіподақ мүшелеріне санаторлық-сауықтыру қызметтерін көрсету үшін кәсіподақтық сауықтыру және туризмнің бірыңғай картасын әзірлеу», – деп Сатыбалды Дәулеталин әріптестерімен өз көзқарасын бөлісті.
ҚРКФ төрағасының айтуынша, кәсіподақтардың алдында күрделі міндет тұр: өзара сенім мен әртүрлі деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруге негізделген әріптестікті нығайтудың өзекті қажеттілігін айқындайтын өзгермелі әлемдік экономикада еңбеккерлерді тиімді қорғау.
«Біздің елдеріміздің кәсіподақ бірлестіктері отыз жылдан астам уақыт ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, әлемдік кәсіподақ қозғалысының бір бөлігіне айналды және өзінің жүйелі дамуын жалғастыруда. Өз кезегінде, ОАЕКК-нің құрылуы – біздің елдеріміздің тәуелсіз кәсіподақтарының өздерінің негізгі миссиясын – Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғауды орындау үшін аймақтық кәсіподақ ынтымақтастығы маңыздылығын түсінуде кемелдік танытқанының дәлелі», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы
Оның пікірінше, ОАЕКК мүшелері әлемдік кәсіподақ қауымдастығына ұлттық кәсіподақ орталықтарының көзқарастарының дәйектілігін көрсете отырып, кәсіподақ қызметінің ең өзекті халықаралық тақырыптары бойынша ортақ ұстанымды білдіреді.
Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақтарының атынан Федерация төрағасы Маликшо Нематзода Кеңес мүшелерінің ортақ мақсаты – Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғауды ұстану екендігін ерекше атап өтті.
Конструктивизм бағытында өткен отырысқа қатысушылар экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларында аймақ мемлекеттерінің бірігуі біздің халықтарымыздың өмірлік маңызды мүдделеріне сәйкес келеді және мемлекеттеріміздің одан әрі дамуына қызмет етеді деген бірауыздан пікір білдірді. Ал бұл өз кезегінде тығыз ынтымақтастық пен ұлттық кәсіподақ орталықтарының берік негізін қалыптастырады.
Құрылтайшылардың жалпы жиналысы барысында Орталық Азия елдері кәсіподақтарының кеңесінің Жарғысы бекітілді. ОАЕКК аймақ мемлекеттерінің кәсіподақ орталықтарының ерікті бірлестігі болып табылатыны және Кеңестің идеялары мен мақсаттарын қолдайтын басқа мүшелердің қосылуы үшін ашық екені баса айтылды. Кеңестің бас хатшысы болып Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков сайланды.
Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесі мүшелерінің бірінші құрылтай жиналысының жұмысына ұлттық кәсіподақ орталықтары делегацияларының мүшелерінен басқа, видеоконференцбайланысы арқылы Халықаралық еңбек ұйымының (ACTRAV) Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Сергеюс Гловацкас, ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының еңбеккерлер қызметі жөніндегі бас маманы Гоча Александрия және Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің (БЕАК) атқарушы хатшысы Антон Леппик қатысты.
ХЕҰ және ХКК өкілдері жаңа аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрылуын құптап, жаңа құрылымды ілгерілету мен дамытуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
ОАЕКК жаңа аймақтық интеграциялық құрылымының жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. ҚРКФ басшысы мен Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзоданың келіссөздері барысында субаймақтық деңгейдегі кәсіподақтардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасулар болды, Орталық Азия елдері кәсіподақтарының кеңесі аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сатыбалды Дәулеталин әріптесінің назарын Қазақстан мен Тәжікстанда Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын ратификациялау мәселелері бойынша тұрақты ақпарат алмасу мен бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығына, сондай-ақ орталық-азиялық аймақтағы жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды бірлесіп әзірлеуге аударды.
Өз кезегінде Маликшо Нематзода Тәжікстанның ұлттық кәсіподақ орталығының келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерге адалдығын және аймақтағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын жетілдіру бойынша идеяларды одан әрі ілгерілету үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Мысыр Кәсіподақтары федерациясының вице-президенті – Египет Араб Республикасы коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері кәсіподақтарының президенті Хешам Ахмед Фуад Ахмед ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен кездесу барысында ҚРКФ мүше ұйымдарымен – энергетика және мұнай-газ кешендері қызметкерлерінің салалық кәсіподақтарымен ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Мысыр кәсіподақ орталығының Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен қарым-қатынасын нығайтуға ниетін білдірді және ҚРКФ басшысын Египетке шақырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы