Қызылорда облысының «SENIM» кәсіподағы төрағасы Елордада есеп берді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің ұйымдастыруымен кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына өңірлерден облыстық филиал төрағалары қатысты. Кеңес отырысында Қызылорда облыстық филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлы 2021 жылдың 10 айында филиалмен атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп берді.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы қазірде 43 бастауыш ұйымында 19840 кәсіподақ мүшелерін біріктіреді.