Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығында үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шарaлар пысықталып, жоспар бекітілді. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйым жылын қорытындылау бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының дайындалу барысындағы «Кәсіподақ қызметкерінің әдеп жөніндегі кодексі» жобасын таныстырды. Облыстың салалық кәсіподақ ұйымдарының жетеекшілері аталған жобамен танысып, өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірді.
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚОФ төрағасы С.Сүлеймен аталған жобаның маңыздылығын білдіре отырып, алдағы уақытта өткізілетін Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінде талқылау үшін бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша желтоқсан айында жылды қорытындылау және Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өткізілетіні атап өтілді.