Кәсіподақтар федерациясымен жыл бойына ұйымдастырылған оқу марафоны мәресіне жетті.
Оқу семинарына онлайн форматта Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы кәсіподақ белсенділері қатысты.
Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығы басшысының орынбасары Ләззат Есжанова алғысөзінде келесі жылдағы оқу семинарларының жаңа бағдарламалары мен кәсіподақ белсенділерінің білімін арттыру бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы сөз қозғады.
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Людмила Голенкова оқу барысында ұйымдардағы Ұжымдық шарттарында Еңбек кодексі нормаларын дамыту жолдары туралы ауқымды тәжірибелік ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, оқу марафонында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева «Кәсіподақтар қызметінің негізгі қағидалары және еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды.