«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссия отырысын өткізді.
Жиналысқа Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржанов, әлеуметтік әріптестер қатысты. Күн тәртібінде әлеуметтік диалог құру (ұжымдық шарттар, еңбек жағдайлары, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы төлемдерінің уақтылы аударылуы мен жалақының уақтылы төленуі) бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларының есебі тыңдалды, «Батыс Қазақстан облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ-нің ұсынысына сәйкес «Батыс Су Арнасы» ЖШС (ұжымдық шарттар, еңбек жағдайлары, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы төлемдерінің уақтылы аударылуы мен жалақының уақтылы төленуі) тиісті аударымдарды мерзімінде аудармаған кәсіпорындардың мәселесі қаралды, «Сатбор» ЖШС-тің жылдық қорытындысына сәйкес жасырын жұмыссыздық жөніндегі қысқартылған және жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша бережақ туралы мәселелер талқыланды, сонымен қатар, 2021 жылы Орал қаласының кәсіпорындарынан алдағы уақытта күтілетін тәуекелге босату және жұмыс орындарын қысқарту жөніндегі түскен хаттар негізінде атқарылып жатқан жұмыстар мен 2022 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмыс жоспары қаралды.