2021 жылғы 7 желтоқсанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы “Балалы әйелдерге арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ-мен, “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ-мен, Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп жұмыс істейтін әйелдер мен әйел-еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Бағдарлама спикерлері – “Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” РММ басшысының орынбасары Алмагүл Мұхамедова, Павлодар қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытжан Тұрсынова, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы Марина Иванова.
Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін, құқық қорғау органдарына қорғау нұсқамасын беру бойынша жүгіну мүмкіндігін, агрессорға қарсы іс-қимыл жасау үшін өмірлік қауіпті жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін талқылады.
Зейнетақы заңнамасының өзекті мәселелері, медиация арқылы дауларды (жанжалдарды) тоқтату, еңбек, азаматтық, жер, тұрғын-үй, отбасы заңнамасының қызықтыратын сұрақтарына жауап алу туралы ақпарат қажетті және сұранысқа ие.
Іс-шараға қатысушы психологтар кездесуге қатысушылармен “Менің табыс тарихым” тақырыбында практикалық семинар-тренинг өткізді.
“Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы жүргізіп отырған жұмыс еңбекші әйелдерді қолдауға, олар үшін тиісті еңбек және демалыс жағдайларын жасауға, еңбек ардагерлері-әйелдерге ұдайы қамқорлық жасауға бағытталған”, – деп атап өтті комиссия төрайымы Р.Даумова.